Бас жаңалықтар
Әйелдердің құқығы тек бір күн қорғалмауы керек - елші
09 Наурыз 2021, 11:20 286

Әйелдердің құқығы тек бір күн қорғалмауы керек - елші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Финляндияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханист «Ұрпақтар теңдігі - күнделікті өмірдегі әйелдер құқықтарын іске асыру» тақырыбында өткен брифингте айтты.

Халықаралық әйелдер күні бұл бір-бірімізді өзгеріске шақыратын уақыт. Финляндия, Қазақстан қоғамы да бұл тұрғыдан әлі теңдікке жеткен жоқ. Әйелдер мен жұмыс істейтін аналар мансаптық жолда жетістікке жетуі үшін әлеуметтік құрылым гендерлік теңдікті қолдауы керек. Біз әйелдер құқығын тек бір күн - 8 наурыз ғана емес, күнде қорғауымыз керек, - деді Сойли Мякеляйнен-Буханист.

Оның айтуынша, пандемия теңсіздікті көбейтіп, әйелдер әлеуметтік жауапкершілікті сезініп отыр. 

Пандемия тұрмыстық зорлық-зомбылықты өршітіп жіберді. Біз барлық деңгейде шешім қабылдауымыз керек. Ол отбасыдан Үкіметке дейін баруы керек. Біз әртүрлі жастағы қыздар мен әйелдердің құқығы бірдей болатын қоғам құрғымыз келеді. Сол үшін де Финляндия гендерлік теңдік аясында жұмыс істеп жатыр, - деді ол.

Елшінің айтуынша, қазір Финляндия технология мен инновацияны ілгерілендіру бойынша көш бастап отыр. 

Біз қазір цифрлық гендерлік теңсіздікті жеңіп, қыздар мен әйелдерді цифрлық салаға тартуымыз керек. Біздің Үкімет үшін бұл басым бағыттың бірі болып отыр, - деді ол.

Фото: дереккөз
Загрузка...