Бас жаңалықтар
Әйелдердің басым бөлігі қандай кәсіпті таңдайды?
PHOTO
04 Наурыз 2021, 12:31 313

Әйелдердің басым бөлігі қандай кәсіпті таңдайды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҰЭМ-нің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Еркеғали Әлімқұлов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты  конференцияда айтты.

Әйелдердің бизнестегі орны бөлек. Елімізде 1,5 млн шағын және орта бизнес субъектілері бар. Олардың 43 пайызын әйелдер құрайды. Әйелдердің басым бөлігі көтерме және бөлшек саудамен айналысады. Бұл саладағы әйелдер үлесі 54,5 пайызға тең. Ауыл шаруашылығы саласында 25 пайызды әйел кәсіпкерлер үлесінде,-деді Әлімқұлов.

Ол атағандай, ауылда бизнес ашуға барлық жағдай жасалған.

"Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы өте тиімді жұмыс істеп жатыр. 2010 жылдан бастап 16 мың жоба субсидияланды. Оның 5 мыңын әйелдер жүзеге асырған,-деді департамент басшысы. 

Ол атағандай, 2021 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша 12600 әйел кәсіпкер оқытылды.

Оның 44 пайызын әйелдер құрады. "Даму" қоры аясында әйелдерге 246 млрд теңге көлемінде жеңілдікпен несие берілді.


Фото: Артём Чурсинов
Загрузка...