Әйелдер колониясындағы «Көктем ауры»

6 Наурыз 2021, 20:05
2388
Бөлісу:
Әйелдер колониясындағы «Көктем ауры»
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әйелдер колониясында «Көктем аруы» байқауы өтті.

Қазылар алқасының құрамына ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев, әйелдер колониясының бастығы, Жарма аудандық прокуратурасының өкілі, «Еңбек» РМК өкілі кірді.

Сотталған әйелдер әр кезеңге мұқият дайындалды. Олар киім-кешектерді өздері ойластырып, тігіп, шығармашылық нөмірлермен жұмыс жасады.

Байқау 5 кезеңнен тұрды, оның ең жарқын кезеңі сән көрсетілімі және өзі туралы әңгіме болды. Қатысушылар биіктен көрінді. Қатысушылар үшін демеушілер ақшалай сыйлық және DVD түріндегі бірегей сыйлықтар дайындады, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.

Төрт қатысушы өзара өнерліні анықтады.

Мен өмірде оптимистпін, ал қазір сахнада ұлы әртіспін. Отбасында мен кіші қызбын, бес жасымнан бастап билеймін. Әрқашан күлімсіреп жүремін. Түрік тілінен жақсы аударамын, корей тілінде оқимын, еуропалық болсам да, ағылшын тілімен доспын. Өз елімнің патриотымын, елімді жақсы көремін. Мен үшін өмірде құндылық бар. Ол – отбасым, маған жақын адамдар. Өмірімде өзгерістер бар. Періште емеспін, қателестім. Бастысы өзіме сенімдімін, бүгін жеңіс менікі болады және болашақта мен босатыламын, сол кез менің басты жеңісім болады, - деді Бас жүлдені алған қатысушы.

Әйелдер колониясындағы «Көктем ауры»

Сондай-ақ, Skype арқылы әйелдер үшін басқа колонияда жазасын өтеп жатқан ерлер құттықтау ұйымдастырды. Олар әйелдерге колонияның жылыжайында өздері өсірген гүлдерін беріп жіберді.

Біз шамамен үш жыл бойы хат алмасамыз. Үш жыл бұрын хат алмасу арқылы тансытық. Екеуімізге бір жылдан астам уақыт қалды. Кездесіп, жаңа өмір бастауды жоспарлап отырмыз. Қазір ол мені қатты қуантты, мен шынымен тірі гүл алдым, сене алар емеспін. Мен оларды соңғы рет қашан алғаным есімде жоқ. Бұл Мен үшін үлкен тосынсый болды, - деді сотталған Анна (аты өзгертілген).

Әйелдер колониясындағы «Көктем ауры»

Бұл әйелдердің мерекесі. Олар темір тордың арғы жағында отырса да қуанышқа лайық. Сол үшін біз оларды қуантайық деген үмітпен жылыжайда 3 ай бойы гүл өсірдік және осы мерекеге арнайы дайындадық, - деді Шемонаиха ауданының колониясында жазасын өтеп жатқан Андрей.

Өзгелердің жаңалығы