Бас жаңалықтар
Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Куба елшісімен кездесті
17 Мамыр 2021, 20:50 262

Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Куба елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эмилио Певидо Пупо мырзамен кездесті.

Кездесу өткізу жайында кубалық тарап Куба әйелдерінің федерациясымен (FMC) ынтымақтастықты нығайту мақсатында бастама көтерген. Әлемдегі барлық әйелдер ұйымдарымен байланыс орнату және оны нығайту FMC ұйымының күн тәртібіндегі басты мақсаттың бірі. 

Өз кезегінде бұл кездесу халықаралық ұйымдар аясындағы қазақстандық-кубалық өзара қарым-қатынасты нығайтуға, екі тараптың БҰҰ аясындағы міндеттемелерін орындауға, Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі тұжырымдама аясында қабылданған міндеттерді орындауға ықпал етпек.

Кездесуде қазақстандық-кубалық қарым-қатынасты дамытудың жоғары деңгейде екені атап өтіліп, қос тараптың күн тәртібіндегі және жалпыға ортақ ауқымды сұрақтар талқыланды. Кездесуде тараптар халықаралық аренадағы әлеуметтік маңызды мәселелерде Нұр-Сұлтан мен Гавана арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге мүдделі екенін танытты. Атап айтқанда, әйелдер құқығы және олардың мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы өзара ынтымақтастықтың өзектілігі атап өтілді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...