Әйелдер әлеуметтік бастамалардың көшбасшысына айналып келеді – Сүлейменов

4 Наурыз 2021, 12:08
1465
Бөлісу:
Әйелдер әлеуметтік бастамалардың көшбасшысына айналып келеді – Сүлейменов
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «Әйелдер кәсіпкерлігі жаңа жағдайда: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты  конференцияда айтты.

Бүгінде әйелдер кәсіпкерлікті дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді көрсетіп отыр, олар ауыл шаруашылығында «Жасыл технологияларды» таратудың белсенділері саналады. Олар қоғамдағы әлеуметтік бастамалардың нағыз көшбасшыларына айналуда. Жоба жетістіктерінің бірі – «Ауыл әйелдері форумы» диалог алаңын ұйымдастыру және өткізу», - деп хабарлады «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов. 

 

Ал Елена Ожго биыл да кәсіпкерлікке үйрететін тренингтер жалғасатынын айтты.

Биыл біз кәсіпкерлік және фермерлік негіздері бойынша сұранысқа ие онлайн-тренингтерді жалғастырамыз. Ауылда өз бизнесін бастауға немесе дамытуға дайын әйелдерді оқыту үшін интернет-ресурстарды пайдалану өзінің тиімділігі мен елеулі сұранысқа ие екендігін көрсетті, - деп атап өтті жобаның негізін қалаушы, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго. 

Әйелдер әлеуметтік бастамалардың көшбасшысына айналып келеді – Сүлейменов

Айта кетейік, биыл үздік бизнес-идея байқауында жеңіске жеткен жас кәсіпкер әйелдерге өз бизнесін жүзеге асыруға 16 грант бөлінеді. Өткен жылы жоба аясында жұмысын бастаған «Қосалқы  ауыл шаруашылығы» онлайн мектебі бизнестің 9 түрі бойынша оқыту модульдерін ұсына отырып, өз қызметін одан әрі жалғастырады.

Өзгелердің жаңалығы