Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі

20 Қыркүйек 2021, 12:45
21014
Бөлісу:
Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.   БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына 35 қазақстандық әскери қызметші қатысқан. Соның ішінде миссияға қатысқан әйел саны саусақпен санарлық. Солардың бірі - Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік даярлық орталығының бітімгерлік даярлық басқармасының басшысы, полковник Диля Ахметова. Ол салаға қалай келгені және миссиядағы «миссиясы» туралы бізге берген сұхбатында айтып берді.

Отбасы мен өнеге

Мен өте үлкен отбасында дүниеге келдім. Бір-бірін қолдайтын, қорғайтын жанұямызда 5 қыз болдық. Мен - сүт кенжесімін. Қарапайым офицердің отбасында жетілдім десем де болады. Әкем де офицер, тек Қорғаныс саласында емес, өзге әскери құрылымда жұмыс істеді. Мен үнемі әкеме қарап бой түзейтінмін. Әкем мен үшін үлгі болды. Бала кезімде оны арнайы формамен көргенде бейсаналы түрде оны мақтан тұтатын едім. Әкем үйде болмағанда оның киімін киіп көргенді ұнататынмын. Осы форма үшін мақтаныш әркез бойымды билейтін, - деді Ахметова.
Ол әскери қызметкер болуды армандамағанын да жеткізді.

Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі

Бірақ жүрегімнің түбінде солай болғанын қаладым. Екінші себебіне келетін болсам, біз үйде 5 қыз болдық. Бірақ әкем ешқашан ұлды армандайтынын айтпады. Дегенмен мен оны солай екенін сезетінмін. Сол үшін де мен әкеме кейде қыздар ұлдардан да жақсы болатынын дәлелдегім келді. Мектепте де осы ұстаным болды. Өмірім ағылшын тілімен тығыз байланыста болатынын сездім. 2-сыныптан бастап «кім боласың?» деген сұраққа аудармашы боламын деп айтатынмын, - деді ол.

Бітімгер мектептен кейін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін әлем тілдері бойынша тәмамдағанын жекізді.

Жұмысқа «Қайда барамын?» деген сұрақ туындағанда бірнеше ай бойы сенімділік болмады. Ағылшын тілін қажет ететін жұмысты іздедім. Сол кездері менің көршім бір хабарландыруды көріп, маған айтты. Оған хабарласып, әңгімелесуге бардым. Жұмыс орнына бара жатқанның өзінде Қорғаныс министрлігі екенін білмедім. Ол кезде Қорғаныс министрлігі Алматыда орналасқан еді. Ғимараттың ішіне кіргенде ғана министрлік екенін түсіндім. Әңгімелесуден өтіп, ұжымды бірден ұнаттым. Ол кезде Қорғаныс министрлігі жүйесінде жаңа құрылым қалыптасып жатты. Лингвистикалық орталық әскерилерге әртүрлі тілдерді оқытумен айналысты. Осылайша, шағын әрі кішкентай ұжымның бөлшегі болдым, - деді Диля Ахметова.

Әйел әлдилеген әлем

Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі

Қорғаныс саласында көбінесе ерлер қызмет етеді және нәзік жандылар үшін ол қиынға соғады деген таптаурын бар. Бірақ мен нәзік жанды дегенмен келіспеймін. Себебі әйелдер кейде ерлерден мықты болып жатады. Мен физикалық тұрғыда айтып отырғаным жоқ. Психологиялық, моральдық тұрғыда әйел ерлерге қарағанда тұрақты. Әрине, бұл - менің жеке пікірім. Әйел өзінің баласы мен отбасы, елі үшін үлкен ерлікке бара алады, - дейді басқарма басшысы.

Полковник айтқандай, қорғаныс ведомствосындағы ерлер мен әйелдердің пайыздық көрсеткіші бойынша, әрине, ер азаматтар көп.

Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі

Әйелдер үшін жұмыс күрделі емес деп те айта алмаймыз. Себебі ерлер әйелдерді бастапқыда білікті жұмыскер ретінде мойындамайды. Жұмыс барлық жердегі сияқты, егер сен өз ісіңді білсең және оны сүйсең табысқа жете аласың. Қазір ерлер ұжымын басқарып отырған адам ретінде кейбір қиындық кездескенін де жасырмаймын. Басында біреуге бірдеңе дәлелдейтін де кезең болады. Офицерлермен тіл табысып, коммуникация орнатуың керек. Олардың тарапынан саған деген сенімсіздік те болуы мүмкін. Бірақ ондай кезең жылдам өтеді. Жетекші бола алатындай тәжірибе мен білім, білік болғанын көргенде барлығы мойындайды. Одан кейін қолдау мен сыйластыққа да ие болып жатасың. Әрине, оның құны жоғары, - деді Диля Ахметова.

Бітімгер - бейбітшіліктің жаршысы

БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына қатысуыма келетін болсақ, мен Ливандағы миссияда 2019 жылы болдым. Біз Ливанға ұлттық контингентті үнді батальон құрамында миссиядан өту үшін «Шығыс» секторына бағыттаймыз. 2019 жылы екі офицер алғаш рет бас-штабтың «Батыс» секторына барды. Біреуі мен болдым. Ол секторды италияндықтар басқарады. Алғаш рет болған соң өзіндік қиындықтар кездесті. Секторда италияндықтар мен ганалықтар, оңтүстік кореялықтар, непалдықтар, ирландықтар, финдер болды. Әртүрлі мемлекет өкілдерінің басым бөлігі Қазақстан азаматтарын алғаш рет көрді. Біздің елдің қайда және кімдер екенінен бейхабар болды, - деді полковник.

Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі

Диля Ахметова кейін оларды жұмыс барысында мойындай бастағанын жеткізді.

Бұл - менің бағам емес, миссия аяқталғаннан соң берілетін «Батыс» секторы қолбасшысының бағасы болды. Миссия аяқталған соң әскери қызметкерлерге мінездеме беріледі. Менің жағдайымда тек мінездеме ғана емес, Қорғаныс министрлігіне «Батыс» секторының жетекшісінен Алғыс хат та берілді. Мен оны мақтан тұтатымын. Демек мен миссияны ойдағыдай өттім деген сөз. Миссияда штаттық офицер болып жұмыс істедім. Бұл әскери-азаматтық ынтымақтастыққа жауап беретін қызмет болды. Біз әскерилер мен азаматтар арасындағы көпір болдық, - деді ол.

Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі

Әскери-азаматтық әріптестік

Ливанда болғанда қолбасшы бұл бітімгерлік миссияның 80 пайызы әскери-азаматтық ынтымақтастықтан тұратынын айтты. БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясында үш негізгі қатысушысы бар. Олар: арнайы фомадағы әскерилер мен полиция, азаматтық, үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті халық. Әскери-азаматтық ынтымақтастық жалғастырушы негіз ретінде жұмыс істейді. Біз осы үш қатысушы арасындағы көпір қызметін атқардық, - деді ол.

Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі

Диля Ахметова жергілікті халық пен қала басшылары, ауылдың ақсақалдары «мухтарлармен» гуманитарлық ұйымның көмегі қажет әлжуаз саланы анықтау бойынша жұмыс істегенін айтты.

Басым бөлігінде мектептермен, приюттар мен балаларға арналған мамандандырылған ұйымдармен, қауымдастықтармен жұмыс істедік. Бір сөзбен көмекті қажет ететін ұйымдарды көздедік. Бұл жұмысты ерлер де, әйелдер де атқара алады. Біздің ұжымда 5 ер адам, мен жалғыз болдым. Ливанда мемлекеттік шешім қабылдау мүмкіндігі еркекке беріледі. Себебі басшылықта ер азаматтар отырады. Дегенмен бала тәрбиесі мен аз қамтылғандарға қамқорлық көрсету, науқастарға қараумен әйелдер айналысты, - деді ол.

Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі

Осындай салада әйелдердің басшылық етуі бітімгерге септігін тигізген.

Мектеп, приют, аурухана басшылары әйелдер болды. Осы жолы маған барлық есік «ашық» болды десек болады. Мысалы, менің ер әріптестерім бұл нысандарға аяқ баса алмайтын еді. Мен олармен әңгімелесіп, шай ішкенің өзі ауқымды проблемаларды талқылауға өтетін. Осындай әңгімелесуден кейін көмекті қайда бағыттау керегін анықтайтынбыз. Біз ағылшын, италиян тілін оқыту, тігін сабақтарын ұйымдастырдық. Білімі жоқ әйелдер, жолдастары соғыста қаза болған жалғызбасты аналар өмір сүруін жалғастыру үшін септігімізді тигіздік. Сондай-ақ жеке басты қорғау бойынша таэквондодан курстарды да ұйымдастырдық. Бұл курстарға әйелдер көп келетін. Себебі олар бір-бірімен араласқысы да келді. Күйбең тірліктен кішкене болсын серігу керек болды, - деді ол.

Ахметова атап өткендей, Ливанда әйелдер ерлердің көзінше өз проблемаларын айтпайды.

Отбасы мен елі үшін үлкен ерлік жасауға дайын. Бітімгер әйелдің беделі

Көбінесе, олар үнсіз қалады. Оларда ондай дүние қалыптаспаған. Әйелдердің проблемасы осылай айтылмады. Әйелдер мен қарттардың қажеттіліктерін өтеуге жәрдемдесуге үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Мен осы үшін қуандым. Миссияда физикалық тұрғыда қиын болды десем болады. Себебі демалыссыз, таңертеңнен кешке дейін жұмыс істедік. Сенбі, жексенбі күндері керсінше жұмыс екі есе көбейетін. Себебі инаугурация, курстардың ашылуы демалыс күндеріне келетін, - деді полковник.
Ол атағандай, миссияда болудың тағы бір қиындығы - елден жырақта жүру.
Бірақ соғыстан кейін адамдарға көмек көрсетіп жатқаныңды түсінгенде батыл болып, жұмысты жалғастырасың. Әйел әркез бейбітшіліктің, сәуленің символы болды. Әйелді адамзаттың нәзік бөлігі ретінде қабылдайды. Біз оған қарсы емеспіз де. Бірақ әлем мен баланың қауіпсіздігіне қауіп төнгенде әйел көп нәрсеге дайын. Барлық әйел бірдей. Олар жұмыс істеп, дамығысы келеді. Қауіпсіз әлемді қалыптастыруға атсалғысы келеді. Миссияда болғанда соған көзім жетті. Сондықтан әлемнің тыныштығы үшін әйелдер жеке бастың қажеттілігін артқа қарай жиыстырып, қоғамға үлес қосуға әркез дайын, - деп түйіндеді Диля Ахметова.

Өзгелердің жаңалығы