Бас жаңалықтар
5 шақырым жүгіріп өтпек болған әйел аяғынан айырылды
23 Қыркүйек 2019, 11:34 458

5 шақырым жүгіріп өтпек болған әйел аяғынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның Дербишир графствосының тұрғыны қайырымдылық марафонына қатыспақ болады. Алайда, диабетке шалдыққан әйел аяқ астынан аяғынан айырылып қалады.

Daily Mail хабарлауынша, 2015 жылғы ақпанда 27 жастағы Хизер Сатчвелл (Heather Satchwell) қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылған іс-шара кезінде 5 шақырымға жүгіріп өтуге дайындалып жүреді. Алайда, диабетке шалдыққан әйел қатты жүгірген кезде аяғындағы тырнақтың етті тінінің жараланып, ішке қарай өсіп кеткенін байқайды. Диабеттік нейропатиямен ауыратын науқас бірден дәрігерге барады.

«Мен жарақаттанбай, абай болып жүруім керек екенін білдім. Аяғым қызара бастаған кезде, дереу ауруханаға бардым. Маған антибиотиктер жазып берді, алайда олар маған көмектеспеді», - деді Сатчвелл.

Жеті айдан кейін хирургтар британдық әйелдің оң аяғындағы тырнағын алып тастайды, ал келесі жылдың маусым айында бақайын кесіп тастады.

Жасалған емге қарамастан, инфекция оның аяғына тез тарай бастады. 2018 жылы маусымда дәрігерлер Сатчвеллдің оң жақ аяғының балтырын ампутациялайды.

Британдық әйелдің айтуынша, болған оқиға оның өмірін күрт өзгертті. Операцияға дейін бес күн бұрын ол жер үйге көшуге мәжбүр болған.

Diabetes UK порталының деректеріне сәйкес, диабетке шалдыққан адамдар инфекцияны тез жұқтыру салдарынан аяқ-қолдың ампутациялануына 15 есе көп ұшырайды. 

Ауру кезінде науқас өкшесінің сезімталдығын жоғалтып, алынған жарақаттардың қауіптілігіне аса мән бермейді. Бұдан бөлек, диабет кезінде қанайналым бұзылады, сол себепті науқастың жарақаттары да баяу жазылады. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...