Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

24 Қыркүйек 2020, 09:08
4908
Бөлісу:
Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі гиперреалист мүсінші, суретші Айдос Есмағамбетов данышпан Абайдың мүсінін жасап жатыр.

Биыл Абай атамыздың туғанына 175 жыл толып отыр. Осыған орай ұлы ақынның мүсінін жасап шығуды ойладым. Алдымен шағын мүсіншесін сомдап шықтым. Ендігі кезекте өзің көріп отырған мына мүсінмен жұмыс істеп жатырмын. Жұмыстың 80 пайызы дайын болды. Әрине, оңай болып жатқан жоқ. Мүсінді данышпан бабамыздың фотосуретіне қарап дайындау үстіндемін, - деді ол бізге.

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Сондай-ақ, мүсінші ақынның шапанының түсін, қандай материалдан тігілгенін, бәрі-бәрін зерттеп, арнайы мамандармен ақылдаса отырып әзірлеп жатқанын айтады.

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Осы күнге дейін көптеген мүсін жасап шығардым. Абылай хан бабамызды, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов, АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама, сонымен қатар, даңқты боксшы Геннадий Головкиннің мүсінін де әзірледім. Сонымен қатар, бірнеше батыр, "Алтын адам" статуеткаларын жасадым. Кейбірін силиконнан, ал енді кейбірін балауыздан сомдадым. Бәрі бірдей аяқталмаса да, көп бөлігі дайын тұр. Бірнеше мүсінді қатар жасап жатқан жайым бар. Бұл дүниелерге көп уақытым мен төзімімді жұмсаймын, - дейді Айдос Есмағамбетов.

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Сурет салуға бала күнінен ынтық болған мүсіншінің әкесі Әкімғали да сурет салып, мүсіндер жасайды екен. Ал анасы кесте тоқиды.

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Бұған дейін бізге берген сұхбатында мүсінші Барак Обама АҚШ Президенті атанып, Мадам Тюссо музейінде оның балауыздан жасалған мүсіні пайда болғанда халқымыздың тарихи тұлғаларының мүсіндерін сомдау туралы ойлай бастағанын айтқан еді. Біздің Қазақстанда да мұндай өнер бар екенін көрсеткім келді деген-ді. 

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Десе де, Мадам Тюс­сода команда болып жұмыс істейді. Сосын жос­парланған мүсіннің иесін арнайы шақыртады екен. Ал Айдос кейіп­керлерін тек фотосы арқылы ғана жалғыз өзі әзірлеп шығады. Бір мүсінді толық аяқтау үшін шамамен 4-5 ай­дан бір жылға дейінгі уақытын жұмсайды. Әр тал шашын пинцетпен жеке-жеке орна­лас­тырып шығады. 

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Айдос бүгінде елордадағы «Astana musical» театрында жұмыс істейді. Актерлердің бет-әлпетіне грим жасап, сахнаға дайындайды. Адамдарға протез жасайды. Ол бүгінде медицинада қолданылып жүр. 

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Сондай-ақ, фото-видеоға түсіру ісімен де айналысады. 

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Еске сала кетсек, Айдос Есмағамбетов Қостанай облысы Арқалық қаласына қарасты Ашутасты ауылының тумасы. 

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институының «Бейнелеу өнері мен сызу» мамандығы бойынша білім алған.

Айдос Есмағамбетов Абайдың мүсінін жасап жатыр

Айдос сөз соңында жақында бойдақтықпен қош айтысып, шаңырақ құратынын да тілге тиек етті. Құтты болсын айттық.   


Өзгелердің жаңалығы