Айдос Ербосынұлы WBC рейтингінің үздік ондығына кірді

13 Сәуір 2021, 03:26
1556
Бөлісу:
Айдос Ербосынұлы WBC рейтингінің үздік ондығына кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік бокс кеңесінің азиялық бөлімі қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлын құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйымның Twitter-дегі ресми парағында Ербосыналы WBC рейтингінің өзінің дивизионында ТОП-10-ға кірді деген хабарлама пайда болды.

Орта салмақтағы WBC Asia қазіргі чемпионы Айдос Ербосынұлын құттықтаймыз, ол қазір WBC әлем рейтингінде 10-орында тұр, – деп жазды.

Ербосынұлының қатысуымен келесі жекпе-жек 17 сәуірде Карлсруэ қаласында өтуі керек еді. Ресейлік Евгений Шведенко қазақстандықтың қарсыласы деп жарияланды.

Бірақ Айдос коронвирус жұқтырып алып, жекпе-жек өтпейтін болды. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы қазір америкалық Калеб Плантқа тиесілі IBF орта салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер болады.

Өзгелердің жаңалығы