Бас жаңалықтар
Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды
31 Қаңтар 2019, 22:00 1096

Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды

ШҚО, BAQ.KZ. ШҚО әкімдігінің білім басқармасы «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды. Бұл туралы ақпарат аталмыш басқарманың сайтында жарияланды.

Айбек Нұғымаров 1987 жылы 3 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты Құндызды деген шағын ауылда дүниеге келген. 

Қазақ күресінен әлемді бірнеше рет  бағындырған  жалғыз балуан. Үш дүркін (2008, 2009, 2014) Азия чемпионы. Оның лақап аты – Шығыс барысы.  Спорттық атағы – Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Көлік колледжі – 1997 жылы ҚР Үкіметі бұйрығымен автомеханикалық коллледж бен су көлік колледжі және Семей жол-механикалық колледжін қосарлау негізінде құрылған.

Сізден жаңалық