Бүгін бірнеше облыста аяз болады

6 Ақпан 2019, 08:15
3094
Бөлісу:
Бүгін бірнеше облыста аяз болады

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда,Ақмола облысында түнде қатты, кей жерінде, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде түнде  өте қатты аяз болады. 

Еліміздің басым облыстарында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. 
Қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысының және шығысының кей жерінде қатты қар күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-батысында, қиыр солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 30 м/с, кей жерінде бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ақмола, Қарағанды ​​ облыстарының кей жерінде - тұман, түнде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, Ақтөбе облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында түнде қатты, кей жерінде өте қатты аяз күтіледі. Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде түнде қатты аяз күтіледі.


Өзгелердің жаңалығы