Аязға байланысты еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

18 Қараша 2019, 14:12
3977
Бөлісу:
Аязға байланысты еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жариялады.

19-21 қарашада Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасының 20-25 градус аяздан 25-30 градус аязға дейін, Ақмола, Павлодар облыстарында 15-20 градус аяздан 25-30 градус аязға дейін, 20-21 қарашада Қарағанды облысында 22-27, кей жерлерде 30 градус аяздан 25-30, кей жерлерде 33 градус аязға дейін, Шығыс Қазақстан облысында 18-23, кей жерлерде 26 градус аяздан 25-30, кей жерлерде 33 градус аязға дейін күрт төмендейді, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында 19 қарашада қар, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с жетеді.



Өзгелердің жаңалығы