Бас жаңалықтар
Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
30 Шілде 2021, 12:41 989

Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазушы Аягүл Мантай қайтыс болғаннан кейін Түркістан облысының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Суицид жайты бойынша Жетісай АПБ полицейлері ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер қажетті деген іс-шаралардың барлығын атқарып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады, - делінген хабарламада.
Аягүл Мантай Түркістан облысы Мақтарал ауданы Байқоныс ауылында дүниеге келген.

Ресей халықтар достығы университетінде оқыды.

2009 жылы «Жалын» баспасынан «Жаңбырлы көктем» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. «Жүрекке оралу» кітабының авторы.

«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша президент стипендиясының иегері атанды.




Фото: дереккөз
Загрузка...