Аягөздегі ауруханада компьютерлік томография кабинеті жұмыс істейді

11 Қараша 2020, 23:38
1351
Бөлісу:
Аягөздегі ауруханада компьютерлік томография кабинеті жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз ауданының орталық ауруханасында компьютерлік томография кабинеті жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Мамандардың айтуынша, осы уақытқа дейін 2559 компьютерлік томографиялық тексерулер жасалған. Оның ішінде 422 пациенттің тыныс алу органдарына тексерілді. Нәтижесінде 107 адамның қауіпті вирус жұқтырғаны анықталған.

Сондай-ақ аудандық ауруханада 4 рентген аппараты жұмыс істеп тұр. Жұқпалы аурулар бөлімінде жылжымалы стационарлық рентген аппараты да бар.

Өзгелердің жаңалығы