Бас жаңалықтар
Аягөз қаласының 37 көшесіне орталықтандырылған ауызсу тартылады
14 Сәуiр 2021, 23:16 250

Аягөз қаласының 37 көшесіне орталықтандырылған ауызсу тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз қаласының 37 көшесі орталықтандырылған ауызсумен қамтылады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Аудан әкімі Сейілбек Ысқақовтың айтуынша, тұрғындар тарапынан әлеуметтік желілерге, әкімшілікке бірқатар көшелерде жол жөндеу, арық қою, жарық тарту бойынша өтініштер түсуде.

Алайда бұл көшелерге су құбыры желілерінің құрылысы бойынша орталықтандырылған ауызсумен қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда. Тұрғындардың өтініші бойынша жұмыстар ауыз сумен қамтылғаннан кейін жүргізілетін болады, – дейді аудан басшысы.

Орталықтандырылған ауызсумен қамту жоспарланған көшелер: Қошқарбаев көшесі; Мусапарбеков көшесі; Нұғманов көшесі; Нұрахметов көшесі; Бигельдинов көшесі; Сатпаев көшесі; Құлсейтов көшесі; Молдағұлова көшесі; Құрманғазы көшесі; Оспанов көшесі; Искаков көшесі; Саметов көшесі; Янушкевич көшесі; Бектыбаев көшесі; Нугманов көшесі; Нұралинов көшесі; Аталыков көшесі; Жамбыл көшесі; Маметова көшесі; Панфилов көшесі; Шәкәрім көшесі; Терлікбаев көшесі; Шайханқари көшесі; Байшашев көшесі; Тәйкіманов көшесі; Отарбеков көшесі; Әділбаев көшесі; Болашақ көшесі; Барақ батыр көшесі; Қажымұқан көшесі; Гагарин көшесі; Аманкелді көшесі; Шакенов көшесі; Желтоқсан көшесі; Найманбаев көшесі; Ларшин көшесі; Маженов көшесі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...