Аягөзде төтенше жағдай жарияланды

17 Маусым 2020, 15:23
1687
Бөлісу:
Аягөзде төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше кешке Аягөз ауданында жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен екпінді жел соғып өтті. Сауда үйлері мен дәмхана, банк, мемлекеттік мекеме, мейрамхана, әскери үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры ұшып кеткен, деп хабарлады altaynews.kz.

Осыған байланысты облыс әкімі Даниал Ахметов комиссия жіберіп, қаланы қалпына келтіруді тапсырды.

Бүгін ауданда төтенше жағдай жарияланды. Орынбасарым Б.Баяхметов бастаған арнайы комиссияны жолға шықты. Оқиға орнында барлық коммуналдық және апаттық қызметтер жұмыс жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстарын бір апта ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражат бөлінеді, - деп жазды Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әзірге бар ақпарат бойынша, төтенше жағдай салдарынан 72 тұрғын және 19 көпқабатты үй, сондай-ақ 8 әкімшілік ғимарат зардап шеккен.

Ағаштар мен бұтақтардың құлауы салдарынан электр желілері үзілді. Нәтижесінде 3679 абонент электр жарығынсыз қалды. Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жарықты қосып жатыр. ШҚ ӨЭК-ның 5 апаттық бригадасы жақын арада қалған 700 абонентте жұмысты аяқтауы тиіс.

Сондай-ақ, қалалық ауруханаға түрлі дәрежедегі жарақаттармен 7 адам жүгінген. Қазір жағдайлары тұрақты, стационарда бір науқас жатыр.





Өзгелердің жаңалығы