Бас жаңалықтар
Ресейлік ғарышкерлердің Айға қашан қонатыны белгілі болды
09 Ақпан 2019, 16:54 462

Ресейлік ғарышкерлердің Айға қашан қонатыны белгілі болды

Фото: Google News

Астана, BAQ.KZ. Ресей Айға алғашқы басқарылатын экспедицияны 2031 жылы жөнелтуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде РИА Новости порталы хабарлайды.


Жоспарға сәйкес, жер серігіне аттанатын бірінші экипаж мүшелері «Айдағы ғарышкерлердің қызметі» бойынша бірқатар операцияларды орындауы керек болады. 

2032 жылы жер серігіне луномобиль, сондай-ақ, Айдың бетінде қозғалу құралдарын сынақтан өткізетін екінші экспедиция экипажын жеткізу жоспарлануда. 

2033 жылғы экспедиция луномобильде алыс қашықтыққа қозғалуды жүзеге асырады және робототехникалық кешендерді сынайды. 2034 жылы Айдағы базаның құрылысы басталса, 2035 жылы құрылыс жұмыстары жалғасады деп белгіленуде. 

Болжанып отырғандай, Айға қону аса ауыр екі зымыранды іске қосу арқылы жүзеге асырылады: біріншісі орбитаға басқарылатын ғарыш кемесін алып шықса, екіншісі Айға қону және одан кейінгі ұшуларға арналған ұшу-қону жолағын алып шығады. Сынақ түріндегі ұшулар 2028 және 2029 жылдарға белгіленіп отыр.

Сізден жаңалық