Бас жаңалықтар
Елімізде алғаш рет автожолдарда Еуропалық үлгідегі жол қауіпсіздігі белгілері қойылды
24 Мамыр 2019, 12:14 410

Елімізде алғаш рет автожолдарда Еуропалық үлгідегі жол қауіпсіздігі белгілері қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автожолдарда замануи әдістерді қолдануға көшті. Соның бірі Жамбыл облысында республика бойынша тұңғыш рет күн сәулесінен қуат алып, түнгі мезгілде жанып тұратын жарық сигналдары (катафоттар) бар белгі беру бағаншалары орнатылды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Көліктердің қауіпсіз қозғалысын арттыру мақсатында Еуропалық үлгідегі жаңа белгілері Жамбыл өңіріндегі А2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы «Тараз қаласы айналма жолы» учаскесінің 484 шақырымында, «Күйік асуын айналып өту» жолының 556 км, Нұрлыкент елді мекенінің тұсындағы 567 шақырымында (көліктердің кері бұрылу жерінде) қойылды. Жаңа үлгідегі жол белгілері қараңғы мезгілде жол жиегін жарықтандырумен қатар, жүргізушілердің жол қозғалысы жағдайына назарларын аударып жыпылықтап тұрады.


Мамандардың айтуынша, аталмыш шаралар жүргізушінің жол қозғалысы жағдайына жеңіл бейімделуіне және апаттың алдын алуға үлес қосады.


«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ болашақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін мұндай жол белгілерін халықаралық дәліздер мен республикалық маңызы бар жолдарға орнатуды жоспарлап отыр.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық