Елімізде 3, 8 млн-ға жуық автокөлік тіркелген

14 Қаңтар 2020, 13:31
3125
Бөлісу:
Елімізде 3, 8 млн-ға жуық автокөлік тіркелген
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасында 806842 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,7%-ға аз. 

Статистика комитетінің мәліметінше, елімізде 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3768,7 мың бірлікті құраған.

1.png

Көліктердің саны артқан сайын жол-көлік оқиғалары да арта түскен.

Өткен жылдың қаңтар-қараша аралығында 21690 адам зардап шеккен 14835 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, апат жағдайы 4,2%-ға ұлғайған, - делінген статистика мәліметтерінде.

2019 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 26,9 млрд теңге сомасына 68356 сақтандыру төлем жүзеге асырылған.

Өзгелердің жаңалығы