Енді автокөліктің техникалық байқауын онлайн тексеруге болады

5 Желтоқсан 2019, 21:16
3129
Бөлісу:
Енді автокөліктің техникалық байқауын онлайн тексеруге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Онлайн тексеруге арналған қосымша арқылы автокөліктің техникалық байқауын үйден шықпай тексеруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, "ҰАТ" АҚ-мен міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі бірнеше әлеуметтік ақпараттық жүйемен интеграцияланған.

Жыл сайынғы техникалық байқаудан уақтылы өту қажеттілігі туралы ұмытатын адамдар үшін оның қолданылу мерзімін қарап шығудың және техникалық байқау нәтижелері туралы мәліметтерді қараудың қарапайым және ыңғайлы тәсілі әзірленді.

           Бұл ретте;

1.         Міндетті техникалық байқаудың аяқталу күнін egov.kz электрондық үкімет порталында көлік құралы иесінің жеке кабинетінде көруге болады;

2.         Көлік құралын техникалық тексеруінің болуын SmartAstana қол жетімді қосымшасынан appstore және play маркет алаңдарында көруге болады;    

3.         Сондай-ақ, "ашық деректер" порталында data.gov.kz "АКҚ техникалық байқаудан өту нәтижелері туралы мәліметтер" бөлімінде көлік құралының техникалық байқауы туралы деректерді алуға болады.

Айта кетсек, 2012 жылы міндетті техникалық байқауды бәсекелестік ортаға берген сәттен бастап (міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бекітілген), бүгінгі күнге дейін техникалық жай-күйі бойынша техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарының пайызы төмендейді (2012 жылдан бастап өтпеген көлік құралдарының пайызы 13%-ды, ал 2019 жылы - 5%-ды құрады). 

Бүгінгі күні көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуді өз құрамында 1500-ден астам техникалық байқау орталығы бар 600-ден астам оператор жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы