Автобустағы "ақылды" камералар карантин режимін бұзғандарды анықтайды

6 Тамыз 2020, 11:01
1515
Бөлісу:
Автобустағы "ақылды" камералар карантин режимін бұзғандарды анықтайды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда автобустардағы әлеуметтік қашықтықты арнайы камералардың көмегімен анықтайтын болды.

Бұл қоғамдық көлікте санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуын бақылайтын пилоттық жоба. "Ақылды" камералардың көмегімен алғашқы үш күнде-ақ автобустардағы әлеуметтік қашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам бетпердесіз болса, 89 адам оны дұрыс кимеген. Тестілеу жалғасады, - деп жазды Сағынтаев instagram-дағы парақшасына.
Әкімдік бұған дейін автобустардағы маска тағу режимін бақылайтын пилотты жобаны іске қосатындарын хабарлаған еді. 
Өзгелердің жаңалығы