Ақтөбеде жыл басынан бері 1500-ден астам автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

10 Шілде 2019, 17:23
2031
Бөлісу:
Ақтөбеде жыл басынан бері 1500-ден астам автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік тәртіп сақшылары заңсыз жолаушы тасымалдаушылармен жұмысты күшейтті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ақтөбе облысының аумағында автөкөлік (ауданаралық, қалаларлық, облыс пен халықаралық бағыттағы) жолдарында жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілерінің жауапкершілігін арттыру, жол-көлік ережелерінің алдын алу мақсатында ұдайы жедел алдын алу шаралары өткізіліп тұрады", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінде.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе облысы Полиция департаменті мен Көліктік бақылау инспекциясы және Автокөлік жолдары мен жолаушылар тасымалы басқармасымен бірлесіп жыл басынан бері «Автобус» жедел алдын алу шарасы 4 рет өткізіліп, нәтижесінде 1500-ден астам автобус жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әсіресе, жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын такси жүргізушілері жолдарда жолаушылар өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан Көлік прокуратурасы мен Мемлекеттік кіріс департаменті халықаралық және республикалық бағыттағы жолдарда полициямен бірлескен рейдтік шараларды жүргізуде.

"Жолаушылар мен жүк тасымалын рұқсат құжаттарынсыз тасымалдаған 105 заңсыз такси иесі анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің қатысуымен жыл басынан бері 18 жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның ішінде 2 адам көз жұмды, ал 28 жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Бұл жол-көлік оқиғаларының дерлігі қалада орын алған.

Өзгелердің жаңалығы