Бас жаңалықтар
Автобус жүргізушілері күніне 3 мыңнан астам бұзушылық жасаған – ІІМ
25 Қаңтар 2021, 11:44 163

Автобус жүргізушілері күніне 3 мыңнан астам бұзушылық жасаған – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ҚР Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.

Ел жолдарында қозғалатын транспорттың техникалық қамсыздандырылуын қамтамасыз ету де өте үлкен мәнге ие. 2020 жылы автобус жүргізушілерінің салдарынан 2321 жол-көлік оқиғасы болып, 29 адам қайтыс болды, сондай-ақ 445 адам жарақат алды. Елдегі әрбір үшінші автобус 20 жылдан артық уақыт қолданыста жүреді. Бұл 84 мың тіркелген автобустың 26 мыңын құрайды, - деді ол. 

Түсіповтің айтуынша, автобустардың көп бөлігі көліктің техникалық күйін жақсартпайтын жеке тұлғалардың қолында болады. 

Олар тұрақты бағыт бойынша емес, реттеусіз қозғалады. Қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Полиция жыл сайын осы көліктің түріне қатысты 500-700 заңсыз қайта жабдықтауды анықтайды, - деді ол. 
Ол полиция мен жол қозғалысын бақылау органдарымен бірлесіп, көліктің қауіпсіздігіне әсер ететін қайта жабдықтауды анықтағанын айтты. 
Автобус жүргізушілеріне қатысты 9 мың бұзушылық анықталды. Автобус жүргізушілері күніне 3 мыңнан астам  бұзушылық жасаған. Оның ішінде 12 мас күйінде жүру, 14 оқиға қарама-қарсы беттегі жолаққа шығып кету бойынша, 258 жағдай жылдамдықты арттыруға қатысты тіркелді. Әкімшілік жауапкершілікке автобус паркінің 158 жауапты тұлғасы тартылды, - деді Серік Түсіпов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары жол-көлік оқиғаларының себебін айтты.


Фото: дереккөз
Загрузка...