Бас жаңалықтар
Автобус жүргізушілері қандай бұзушылықтар жасайтыны белгілі болды
11 Қазан 2021, 11:13 377

Автобус жүргізушілері қандай бұзушылықтар жасайтыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

4-13 қазан аралығында ел аумағында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты - жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту, жүргізушілердің тасымалдау ережелерін сақтауын бақылауды күшейту. Полицейлер Көліктік бақылау, мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен бірге автокөлік кәсіпорындарын және жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпкерлерді тексереді, - деді ол.

Ол атағандай, автобустардың техникалық жай-күйіне және жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылды.

Операцияның 5 күнінде қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 11 мыңнан астам бұзушылық анықталды, оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 25 фактісі, қарсы жолаққа шығу бойынша 52 жағдай, маневр жасау ережелерін 2,5 мыңға жуық автобус бұзған, - деді Нұрділдә Ораз.

Ресми өкіл атағандай, жылдамдық режимін асырғаны үшін 264 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ заңсыз қайта жабдықтаудың 515 дерегі, рейс алдындағы тексеруден өтпеудің 225 жағдайы тіркелді, мыңдаған жүргізуші техникалық байқаудан өтпеген, 2,5 мыңға жуық рөльде телефонды пайдаланған. Жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 173 фактісі анықталды. Автобус парктерінің 136 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 76 рұқсат етілмеген тұрақ жабылды, - деді ол.



Фото: дереккөз
Загрузка...