Елордада автобус пен жүк көлігі соқтығысып қалды

24 Қыркүйек 2019, 12:35
1616
Бөлісу:
Елордада автобус пен жүк көлігі соқтығысып қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жолаушылары бар автобус жүк көлігімен соқтығысып қалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты Нұр-Сұлтан қаласында 23 қыркүйекте болған.

«HOWO маркалы автокөлікті тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші А-187 көшесіндегі екінші дәрежелі жолмен келе жатқан. Байырқұм көшесі тарапынан Мұстафа Кемал көшесінің қиылысында жүргізуші автокөлік құралын өткізіп жібермей, №64 маршруттық автобуспен соқтығысып қалған», - деп толықтай хабарлады елордалық Полиция департаментінде.


Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі мен жолаушылары дене жарақатын алды. Қалалық ауруханаға 22 жолаушы қаралды, олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы