Елордада автобус парктерінде дезинфекция жасалды

21 Маусым 2020, 18:31
1499
Бөлісу:
Елордада автобус парктерінде дезинфекция жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-21 маусымда Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция өтуде. 

Жұмыс аясында адам көп жиналатын орындардың барлығы қамтылған. 

Қалалық қызметтер автобустарда, автобус паркі ғимараттарында да дезинфекция жүргізді. 

Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда қоғамдық көліктер тоқтатылды. 22 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалысы қайта басталады. 

Экспресс маршруттардың жұмысы туралы ақпарат қосымша ұсынылады. Бағдарларды күнделікті дезинфекциялау жалғасатынын, жүргізушілер соңғы аялдама орындарында дымқыл тазалау жүргізетінін хабарлаймыз. Маска тағу режимін сақтауды ұмытпаңыз – автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Автобусқа отыру тек алдыңғы есік арқылы жүргізіледі. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады – көлік картасы, SMS, QR коды, - деп ескертті әкімдік.

Өзгелердің жаңалығы