Шығыс Қазақстанда 65 маңызды автобус бағыттары енгізілген

22 Сәуір 2019, 09:30
6200
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда 65 маңызды автобус бағыттары енгізілген

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылдың соңына қарай Шығыс Қазақстан облысының 12 ауданында әлеуметтік маңызы бар 65 автобус бағыты анықталып, оларды ұйымдастыру және субсидиялау жұмыстары басталып кеткен болатын. Бүгінгі таңда тендерлер ойнатылып, аталған бағыттардың бірқатарына шығатын автобустар мен меншік иелері белгіленді.

Жол мұратын мақсат еткен жолаушы үшін ең басты мәселе межелі жерге кедергісіз жету екені белгілі. Ал жолаушыны жолынан қалдырмаудың бірден-бір жолы - ол елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жолға қою. Бұл бағытта өңір билігі мен халық қалаулылары да қарап қалған жоқ. Естеріңізде болса, біз бұл жайында осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол кезде біз облыстық мәслихаттың тұрақты автобус қатынасы өте қажет деген бағдарлардың тізімін берген едік. Ол тізімге 12 аудан бойынша 65 бағдар енгізілгенін және шешімнің аудан әкімдіктерінің ұсынысы бойынша қабылданғаны жайына қысқаша тоқталып өткен болатынбыз.

Халық қалаулылары Аягөз, Бесқарағай және Көкпекті аудандарының ішіндегі үш бағытты әлеуметтік маңызды деп таныды. Жарма ауданында мұндай маңызды бес бағыт болса, Күршім, Зайсан және Катонқарағай аудандарында - алтыдан, Үржарда - жеті, Тарбағатайда - он бағыт, ал Зырян ауданында - 11 бағыт бар.

Біраз бұрын елді мекендердің аудан орталықтарымен тұрақты қатынасын қамтамасыз ету мақсатында қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар ауданішілік автобус қатынастарының тізбесі анықталғанын хабарлаған Шығыс Қазақстан облысы Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов тізбеге қолданыстағы бағыттармен қатар жаңадан ашылатын автобус бағыттарының да енгізілгенін хабарлаған болатын.

Осы ретте біз аудан, қала әкімдіктеріне хабарласып, қазіргі уақытта қандай автобус бағыттарының белгілі болғанын, олардағы баға мөлшері мен меншік иесінің кім екенін анықтап көрдік.

 

 

Бағдар атауы

Автобус аялдайтын елді мекендер

Билет бағасы

Автобустың жүру кестесі

Бағдар иесі

Аягөз ауданы

1.

Аягөз қаласы - Баршатас ауылы

Аягөз, Батпақ, Айғыз, Көксала, Бидайық, Мәдениет, Қосағаш, Баршатас

1000 теңге

Күнделікті

«Оспанов А.А.» ЖК

2.

Аягөз қаласы - Ақши ауылы

Аягөз, Шынқожа, Кеңқолат, Ай, Қарабұлақ, Ақши

500 теңге

Күнделікті

«Оспанов А.А.» ЖК

3.

Аягөз қаласы — Тарбағатай ауылы

Аягөз, Қаражал, Қарағаш, Ақши, Ақтүбек, Тарбағатай

550 теңге

Күнделікті

«Оспанов А.А.» ЖК

Глубокое ауданы

1.

Предгорное-Верхберезовка

Предгорное, Кірпіш зауыты, Автобаза, РТС, Бұрылыс, Новая, Көпір, ТЖӨ, Верхберезовка

150 теңге

1 рейс - 7.55

2 рейс - 8.55

3 рейс - 9.55

4 рейс - 10.55

5 рейс - 11.55

6 рейс - 12.55

7 рейс - 14.55

8 рейс - 15.55

9 рейс - 16.55

10 рейс - 17.55

-

Жарма ауданы

1.

Жарық-Қалбатау

Жарық, Малай, Қалбатау

700 теңге

Шығу - 7.00

кері қайту -15.00

Жандос Рысақов

2.

Шар-Қалбатау

Шар, Қалбатау

400 теңге

Шығу - 8.00

кері қайту - 12.00

Жеңісбек Байзақов

3.

Жаңғызтөбе-Қалбатау

Жаңғызтөбе, Жаңаөзен, Қалбатау

250 теңге

Шығу - 8.30, 14.30

Кері қайту - 12.00, 17.00

Айнагүл Мұрзатаева

4.

Қызылағаш-Қалбатау

Қызылағаш, Жарма, Қапанбұлақ, Балықтыкөл, 10-разъезд, Жаңғызтөбе, Жаңаөзен, Қалбатау

800 теңге

Шығу — 6.00

Кері қайту - 15.00

Муфташ Муқыжанов

5.

Қалбатау ауылының ішінде қатынайтын автобус бағыты

-

70 теңге

7.00-17.00 аралығында

Асқар Қабасов

Зайсан ауданы

1.

Зайсан қаласының ішінде қатынайтын автобус бағыты

-

50 теңге

7.00-19.00 аралығында

«СМУ Шығыс» ЖШС

2.

Зайсан-Жалши

Зайсан, Кеңсай, Тасбастау, Шілікті, Жалши

300 теңге

Шығу - 7.00, 16.00

Кері қайту - 8.00, 17.00

Рүстем Маматов

3.

Зайсан-Саржыра

Зайсан, Кеңсай, Жарсу, Бақасу, Саржыра

200 теңге

Шығу - 7.00, 12.00, 16.30

Кері қайту - 8.00, 13.00, 17.30

4.

Зайсан-Қарабұлақ

Зайсан, Қарабұлақ

150 теңге

Шығу - 7.00, 12.00, 16.30

Кері қайту - 8.00, 13.00, 17.30

5.

Зайсан-Жаңатұрмыс

Зайсан, Жаңатұрмыс

200 теңге

Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері

Шығу- 8.00, 14.00

Кері қайту - 9.00, 15.00

6.

Зайсан-Қайнар

Зайсан, Қайнар

200 теңге

Шығу - 8.00, 12.00

Кері қайту - 9.00, 13.00

7.

Зайсан-Көкжыра

Зайсан, Жамбыл, Көкжыра

200 теңге

Шығу - 7.00, 12.00, 16.30

Кері қайту — 8.00, 13.00, 17.30

8.

Зайсан-Біржан

Зайсан, Жамбыл, Дайыр, Қуаныш, Біржан

200 теңге

9.

Зайсан-Үлкен Қаратал

Зайсан, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен Қаратал

200 теңге

10.

Зайсан-Сартерек

Зайсан, Сартерек

200 теңге

Катонқарағай ауданы

1.

Үлкен Нарын ауылының ішіндегі автобус бағыты

-

50 теңге

Жұмыс күндері таңғы сағат 7.20-дан бастап

«Заднепровский Г.Н» ЖК

2.

Үлкен Нарын-Поляковка

Үлкен Нарын, Көкбастау, Кіші Нарын, Солоновка, Ново-Поляковка

600 теңге

Дүйсенбі, бейсенбі күндері

Шығу уақыты сағат 8.00-де

Көкпекті ауданы

1.

Самар-Көкпекті

Самар, Құлынжон, Бастаушы, Жаңажол, Аққала, Преображенка, Үлкен-Бөкен, Жансары, Көкпекті

500 теңге

Шығу - 7.30,

кері қайту - 13.00

«Қабылбаев Нұржақып» ЖК

Күршім ауданы

1.

Күршім ауылының ішінде

-

100 теңге

Дүйсенбі — Сейсенбі аралығында күніне 4 рет сағат 7.00-19.00 аралығында

«Олжан» ЖК

2.

Күршім-Марқакөл

Күршім, Барақ батыр, Сарыөлең, Қаратоғай, Тақыр, Қалжыр, Жаңауыл, Қазақстан, Былғары Табыты, Қарашілік, Марқакөл

1500 теңге

Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері Марқакөлден шығу — 6.00,

Күршімнен қайту — 15.00

«Чабиев» ЖК

3.

Қаратоғай-Күршім

Қаратоғай, Жылытау, Егіндібұлақ, Ақши, Барақ батыр, Сарыөлең, Күршім

500 теңге

Дүйсенбі, жұма күндері

Шығу - 8.00,

кері қайту - 16.00

«Жанарыс» ЖК

4.

Ақбұлақ-Күршім

 

Ақбұлақ, Егіндібұлақ, Барақ батыр, Күршім, Алтай, Қарой, Қайнарлы, Марқакөл

1200 теңге

 

Сейсенбі, бейсенбі күндері. Шығу - 7.00,

кері қайту - 18.00

 

«Кожанов» ЖК

5.

Ақбұлақ-Марқакөл

1000 теңге

Сәрсенбі күні Шығу - 7.00,

кері қайту - 18.00

Тарбағатай ауданы

1.

Көкжыра-Ақсуат

Көкжыра, Аққала, Екпін, Ақсуат

200 теңге

08.30

15.30

Асқарбек Әзімханов

2.

Ойшілік-Ақсуат

Ойшілік, Құмкөл, Қарғыба

200 теңге

07.30

12.30

14.00.

17.30

3.

Қызылкесік-Ақсуат

Қызылкесік, Сәтбаев, Көкжыра, Екпін, Ақсуат

500 теңге

7.30

16.00

Дауытбек Мусалимов

4.

Ақжар-Ақсуат

Ақжар, Қарасу, Қарғыба, Ақсуат

600 теңге

7.30

12.30

Берік Макиянов

5.

Үштөбе-Ақсуат

Үштөбе, Қызылкесік, Сәтбаев, Көкжыра, Екпін, Ақсуат

600 теңге

7.30

16.30

Дүйсенбек Нұрахметов

6.

Кіндікті-Ақсуат

Кіндікті, Базарка, Сәтбаев, Көкжыра, Екпін, Ақсуат

500 теңге

7.30

16.30

Боранбай Жұмабаев

7.

Қарғыба-Екпін

Қарғыба, Ақсуат, Екпін

100 теңге

7.30

8.30

10.30

11.30

12.30

14.30

16.30

17.30

18.30

19.30

Данияр Айдарханов

8.

Тұғыл-Ақжар

Тұғыл, Ақжар

500 теңге

07.30

17.30

Нұржан Байкубенов

9.

Көктүбек-Ақсуат

Көктүбек, Ақсуат, Сәтбаев, Көкжыра, Екпін, Ақсуат

250 теңге

7.30

12.30

Асқарбек Әзімханов

10.

Тұғыл-Ақсуат

Тұғыл, Тәуке, Жолқұрылыс, Ақмектеп, Қарасу, Қарғыба, Ақсуат

600 теңге

7.30

17.30

Нұржан Байкубенов

Үржар ауданы

1.

Үржар ауылы ішінде

-

50 теңге

7.20-19.00 аралығы

«Тойчыбек» ЖШС

2.

Мақаншы ауылы ішінде

-

50 теңге

7.30-19.30

«Жунусбаев Б» ЖК

3.

Мақаншы-Үржар

Мақаншы, Науалы, Үржар

350 теңге

Шығу - 8.00,

кері қайту - 12.00

4.

Қаратұма-Үржар

Қаратұма, Көлденең, Көкөзек, Науалы, Үржар

400 теңге

Шығу — 7.00,

Кері қайту — 12.00

«Коржубаев С» ЖК

5.

Қарақол-Үржар

Қарақол, Шолпан, Таскескен, Айтбай, Алтыншоқы, Лайбұлақ, Жаңатілек, Тасарық, Жоғары Егінсу, Жанай, Үржар

1200 теңге

Шығу — 7.00,

Кері қайту — 13.00

«Мунисов О» ЖК

 

Айта кетейік, Бесқарағай ауданы бойынша ауданішілік автобус бағыттары жоқ. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің берген мәліметіне сенсек, 2018 жылы ауданішілік үш бағдар бойынша конкурс жарияланғанымен ниет білдірген тасымалдаушылар бола қоймапты. Сол себепті конкурс өткізілмеген.

 

 

Өзгелердің жаңалығы