Германияда автобус аударылып, 70 шақты адам зардап шекті

20 Мамыр 2019, 08:57
1403
Бөлісу:
Германияда автобус аударылып, 70 шақты адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автобус Берлиннен Мюнхенге қарай бара жатқан. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, 60-тан астам жолаушы зардап шекті.

Германияның Лейпциг қаласына жақын жерде қалааралық автобус аударылды. Көлік ішінде 75 адам болған. Бұл туралы Bild басылымы жазады.

Жол апаты 19 мамыр күні кешке А9 трассасында болды. Жолаушылардың жетеуі ауыр жарақат алған.

Зардап шегушілерді тікұшақпен алып кетті. Трассада қозғалыс тоқтатылды.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда жүргізуші автобусты айдап келе жатып, ұйықтап қалған.

Өзгелердің жаңалығы