"Қарағанды-Жезқазған" автобанының құрылысы 2021 жылы басталады

20 Ақпан 2020, 09:45
2358
Бөлісу:
"Қарағанды-Жезқазған" автобанының құрылысы 2021 жылы басталады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Аймақта "Нұрлы жол" бағдарламасының жүзеге асырылуы 3000 мыңнан астам қарағандылықтарды жұмыспен қамтиды деп күтілуде. Облыстың жол саласында ауқымды жұмыстарының атқарылу барысына өңір басшысы Жеңіс Қасымбек халыққа есеп беруінде тоқталды.

Өткен жылы "Теміртау-Қарағанды" және "Солтүстік-Шығыс айналма жолы" пайдаланылуға берілді. Шілде айына дейін жолдардың бойы абаттандырылып, жарықтандырылады, қоршаулар қойылады. Қарағанды-Балқаш автобанын биыл қолданысқа беру жоспарлануда. Сондай-ақ, Балқаш-Бурылбайтал автожолын салу қарқынды жүргізілмек. 

Әрине бұл аталған жобалар аймақ үшін маңызды. Дегенменде бұл автожолдардың құрылысы басталып кеткен, оны министрлік міндетті түрде аяқтайды. Біз үшін биылғы жылы "Жезқазған-Қызылорда" күре жолының құрылысын бастау маңызды. Арақашықтық аз емес, 720 шақырым. Аталған жолдың сапасы сын көтермейді. Бұл жол емес, тек бағыт деп те айтуға болады. Сондықтанда өткен жылдан бері жобалау құжаттары белсенді түрде дайындалуда. Ағымдағы жылы мамыр айында министрлік жобалық-сметалық құжаттарды аяқтауды көздеп отыр. Менің ойымша, маусым айында сараптамалық жұмыстар жүрзіліп, одан кейін конкурстық рәсіммен мердігер анықталғаннан кейін, күз айларында жолды модернизацалау басталады. Бұл біздің облысқа келетін қосымша инвестиция, Жезқазған аймағындағы жаңа жұмыс орындары, - дейді Жеңіс Қасымбек.
Аймақ басшысының мәліметінше, 2021 жылы "Қарағанды-Жезқазған" бағытында бірінші дәрежелі автобанның құрылысы басталады. Биыл автожолды жобалау жұмыстары жасалып, мемлекеттік бағдарлама бойынша жол салу жұмыстары келер жылы қолға алынбақ.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қарағанды-Павлодар, Қарағанды-Қарқаралы жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Әзірге аталған жолдардың ені қазіргі көлемінде қалады, дегенменде мемлекет бюджетінен жолдардың сапасын жақсартуға қаржы бөлінген.

Еске салайық, Қарағандыда биыл 1,5 мың шақырым күре жол жөнделетінін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы