Бас жаңалықтар
Австрия премьер-министріне айып тағылды
07 Қазан 2021, 18:02 234

Австрия премьер-министріне айып тағылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрия премьер-министрі Себастьян Курцқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл жолы тергеу «үкімет басшысы қызметін асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлыққа барды» деген айып тақты.

Курц 2016-2018-жылдары сайлау кезінде сауалнаманы өз партиясына жағымды сарында жүргізуі үшін жергілікті бір басылымның жарнамасын сатып алған. 

Ал қаржыны мемлекет қаражатынан төлеген. Іске қатысты деген Курцпен бірге тағы 9 адамға айып тағылып, «Австрия халықтық партиясы» мен Қаржы министрілігіне тінту жүргізілді.

Алайда Курц өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Австрияның үкімет басшысы бұған дейін де бірнеше рет істі болған.

Айта кетейік, 2019 жылы «Ибица-гейт» жанжалынан кейін ол қызметінен шеттетіліп, артынша кезектен тыс парламенттік сайлау өткен еді. Бірақ оның партиясы жеңіске жетіп, Курц қайта үкімет басшысы болып тағайындалған еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...