Австралияда өрт сөндіретін ұшақ апатқа ұшырады

23 Қаңтар 2020, 18:14
1478
Бөлісу:
Австралияда өрт сөндіретін ұшақ апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияда орман өртін сөндіруге шыққан ұшақ апатқа ұшырып, АҚШ-тың үш өрт сөндірушісі қаза тапты, деп хабарлады The Sydney Morning Herald.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орман өртін сөндіріп жүрген C-130 Hercules әуе танкері апатқа ұшырады. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Бұған дейін аталған ұшақтың радардан жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы