Бас жаңалықтар
Австралияда пойыз рельстен шығып кетті
20 Ақпан 2020, 23:22 192

Австралияда пойыз рельстен шығып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Виктория штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті. Бірнеше жолаушы вагондарда қалып қойды. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Оқиға бейсенбі күні Уоллан теміржол станциясына жақын жерде, Мельбурннан шамамен 45 шақырым жерде орын алған. Рельстен 5 вагон және локомотив шығып кеткен, деп хабарлады 7News телеарнасы.

Арна таратқан ақпаратқа қарағанда, оқиға кезінде пойыз ішінде 200-ге жуық адам болуы мүмкін. Апат болған жерге шұғыл көмек қызметі барды. Мельбурн және Сидней арасындағы пойыздардың қозғалысы тоқтады.

Фото: дереккөз
Загрузка...