Австралияда белгісіз ер адам көшедегі адамдарға пышақпен шабуылдады

14 Тамыз 2019, 08:43
1464
Бөлісу:
Австралияда белгісіз ер адам көшедегі адамдарға пышақпен шабуылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралияның Сидней қаласында пышақ ұстаған ер азамат көшеде жол-жөнекей өткен адамдарға ұмтылып, шабуыл жасаған, деп хабарлады  24.kz.

Салдарынан бір әйел көз жұмды. Тағы біреуі ауыр жарақат алды. Seven news телеарнасының хабарлауынша, оқыс оқиға түскі уақытта орын алған. Басылымның мәліметіне сай, ер адамның шабуылдауына жол бермеу үшін куәгерлер араша түсіп, қаскөйді тәртіп сақшылары келгенше ұстап тұрған. Қазір қылмыскер қамауға алынды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға келер қауіп жоқ дейді. Себебі қаскөй жалғыз өзі әрекет етіпті. Әзірге оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз.


Өзгелердің жаңалығы