Австралия орманының қалпына келуіне 100 жыл қажет

15 Қаңтар 2020, 20:43
1801
Бөлісу:
Австралия орманының қалпына келуіне 100 жыл қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австралиядағы күзден бері ауыздықталмай жатқан орман өртінен кейін елдегі жағдайды қалпына келтіру үшін 100 жыл қажет. Бұл туралы британдық The Sun басылымы жазды, деп хабарлады Хабар24.

Сарапшылардың пікірінше, өрт салдарынан Австралия ормандарындағы коалалардың үштен бірі қырылып қалды. Сонымен қатар жануарлардың кем дегенде 13 түрі жойылып кеткен. Австралиядағы орман өрті 2019 жылдың қыркүйек айында басталған болатын. Австралияда 4 айдан бері жалғасып жатқан өрт табиғатқа айтарлықтай шығын әкелді. 1 млн гектардан аса жер күлге айналып, жарты млрд жуық жануар қырылып қалған.

Австралиядағы өрттің түтіні Оңтүстік Америкаға жетті. Австралия билігі бүлінген орман алқаптарын қалпына келтіруге күш салмақ.


Өзгелердің жаңалығы