«ҚазМұнайГаз» авиаотын бағасын арзандатты

22 Ақпан 2019, 09:45
1621
Бөлісу:
«ҚазМұнайГаз» авиаотын бағасын арзандатты

Астана, BAQ.KZ. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ осы жылдың ақпан айынан бастап қазақстандық өндірістің РТ маркалы авиациялық отынына көтерме баға төмендегені туралы хабарлайды.

Бағаның аталған өзгеруі Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды аяқтау аясында ашық түсті мұнай өнімдері желісінің кеңеюіне негізделген.

Жоғарыда көрсетілген фактор ішкі нарықты ел үшін стратегиялық маңызды мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге және қымбат тұратын импорттан бас тартуға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы