Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов барлық атағынан айырылды

5 Желтоқсан 2019, 13:28
9714
Бөлісу:
Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов барлық атағынан айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ресми түрде қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың 2008-2016 жылдар аралығындағы нәтижелерін жойды. 

2016 жылдың жаз айында Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) пен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Седовтың допинг-сынамасын қайта тексерген болатын. Үштөбе қаласының тумасының қанынан 2008 жылғы Пекин Олимпиадасында "станозолол" препараты табылған. Осыдан соң спортшы 8 жылға спорттан шеттетілді (01.08.2016 – 01.08.2024). Өйткені, отандасымыз оның алдында 2006 жылы да допингпен ұсталып, 2 жылға жарыстардан тыс қалған болатын  (18.05.2006 – 18.05.2008).

Бірақ 2016 жылы Седовтың тек Пекин Олимпиадасындағы нәтижесін жойған еді. Ол кезде спортшы төртінші орын алған. Енді, міне, Седовтың өзге де атақтарынан айырып отыр. Седов 2009 жылғы әлем чемпионы, 2009 және 2016 жылғы Азияның екі дүркін чемпионы, 2011 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, сонымен қатар, 2013 жылғы әлем чемпионаты мен 2014 жылғы әлем чемпионатының қола және күміс жүлдегері атақтарынан да айырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы