Ауыр атлетика: Жасөспірімдер арасындағы чемпионатта екі қазақстандық топ жарды

18 Ақпан 2020, 03:10
1575
Бөлісу:
Ауыр атлетика: Жасөспірімдер арасындағы чемпионатта екі қазақстандық топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-20 ақпан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз хабарламасында айтылған.

Жарыстың екінші күні екі қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды.

81 келі салмақта сынға түскен Карина Құзғанбаева 227 келіні (101 + 126) көтеріп, жеңімпаз атанды.

Ал 81 келіден жоғары салмақта Айсамал Сансызбаева 249 келіні (109 + 140) бағындырып, алтын медальға қол жеткізді.

Жарыстың бірінші күні 4 қазақстандық атлет жеңімпаз атанған.

Өзгелердің жаңалығы