Қазақстан ауыр атлетика федерациясының экс-президенті қайтыс болды

12 Мамыр 2020, 22:46
1727
Бөлісу:
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының экс-президенті қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ауыр атлетикасының дамуына мол үлес қосқан маман, дарынды басшы Қайрат Тұрлыханов өмірден озды.

Қайрат Болатұлы Қазақстан ауыр атлетикасы федерациясының президенті, азиялық федерациясының вице-президенті болды. Біздің ауыр атлеттеріміздің әлем аренасындағы жетістіктері, беделді халықаралық жарыстардағы жеңістері оның есімімен байланысты.

Ол 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысының Таскескен ауданында дүниеге келген. Еуразия нарық университеті мен "Қайнар" университетін бітірген.

1995-1998 жылдары "Бақты" кеден бекетін басқарды. 

2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі қызметін атқарды. 

2006 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі болды. 

2007 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі болып қызмет істеді.

2010 жылдан "Ақпараттық өндірістік орталық" директоры.

2000 жылдан республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті.

2011 жылдан Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті.

"Құрмет" ,"Парасат" ордендерімен марапатталған. "2М органында 15 жыл қызмет еткені үшін", "ҚР Конституциясына 10 жыл" медальдары бар.

Өзгелердің жаңалығы