Бас жаңалықтар
Ауылға газ құбыры тартылады
11 Ақпан 2021, 14:04 602

Ауылға газ құбыры тартылады

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Әулиекөл ауданы орталығына газ тартылады. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Теменов онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде айтты.

Әкім көгілдір отынды іске қосу жобасы көктемге жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Газдандыру – ұзақ мерзімді жоба. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Күн жылына бастағанда ауылдағы бес газ тарату пункті реттеліп, іске қосылады. Шамамен көптен күткен газға әр үй осы жылдың наурыз-сәуір айларында қосыла алады, - деді Ерлан Теменов.

Сондай-ақ аудан әкімі тұрғындарға газ құбырына қосылу үшін техникалық құжаттаманы уақытылы дайындауды ескертті.

Әулиекөл ауданының Диев ауылына да газ құбырын тартудың құжаттамасы әзірленіп жатыр. Теменовтің айтуынша, жобаның қаржылық есебі 2021 жылдың екінші жартысында дайын болады. Газ құбырының ұзындығы 56 км жетеді деп отыр, оған Новоселов ауылын да қосу жоспарлануда.

Әулиекөл – Қостанай облысындағы ірі аудандардың бірі. Мұнда 40 мыңнан астам тұрғын мекен етеді.

Қостанай облысы газдандыру деңгейі бойынша республикада оныншы орында тұрақтап тұр. 2020 жылы өңірдегі елді мекендерді газбен қамтамасыз ету бойынша 9 жоба жүзеге асырылған. Оған қазынадан 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...