70-ке жуық науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен ота жасалды

30 Қараша 2021, 14:20
990
Бөлісу:
70-ке жуық науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен ота жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі таңдағы медицинаның басты мәселелерінің бірі – өт тас (ӨТА) ауруы. Ересек адамдардың 10-15%-ы осы сырқатпен ауырады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған орай Төлеби аудандық ауруханасында да лапароскопиялық холецистэктомия әдісімен бүгін кезекті ота жасалынды. Лапароскопиялық холецистэктомия – бүкіл әлемде ең жиі орындалатын операциялардың бірі және салыстырмалы түрде қауіпсіз. Бұл аз инвазивті әдіс, отадан кейінгі ауырсыну және қалпына келтіру кезеңі аз.

Облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов пен Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігері Қарлығаш Умарова 2020 жылы аурухананың жарақат бөлімін құрал-жабдықтар мен материалдарын алуға ықпал еткен болатын. Нәтижесінде сол жылдың қазан айынан бастап науқастарға жергілікті ауруханада ота жасауға мүмкіндік туып отыр.

Жарақат бөлімінің меңгерушісі М.Жалабаевтың айтуынша, осы жылы 70-ке жуық науқасқа ота жасалды. Сәтті жасалынған ота нәтижесінде науқастар палатаға ауыстырылып, тұрақты емін алуда. Науқастардың қазіргі жағдайы жақсы.

Өзгелердің жаңалығы