Ауылдағы интернет мәселесі қалай шешіледі? «Ауыл» партиясы жауап берді

23 Қыркүйек 2020, 18:02
2347
Бөлісу:
Ауылдағы интернет мәселесі қалай шешіледі? «Ауыл» партиясы жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-дегі онлайн брифингте «Ауыл» ХДПП Саяси кеңесінің мүшесі Алмасбек Садырбаев айтып берді.

 Ауылдың ахуалын жақсарту үшін қандай іс-шаралар атқарып жатырсыздар? Мысалы әлі күнге дейін ауылдарда интернет желісі нашар. Сіздер осы мәселені тиісті министрлікпен бірге шешу үшін нақты қандай жобалар ұсындыңыздар? деп ОКҚ-дегі брифингке қатысушыларға редакциямыз сауал жолдады.
Байқасаңыздар, қазіргі жүріп жатқан пандемия тек қана біздің елімізге ғана емес, бүкіл әлемге сынақ болды. Әсіресе, денсаулық саласы, технологиялар саласы, сонымен қоса интернет саласына. Амал табылғанша, бұрынғы деңгейде амалдар жасалып жатыр. Бірақ біздің балаларымыздың оқуы да, өзіміздің жұмысымыздың да осы интернетке қарап қалғанына көзіміз жетті. Сондықтан осы ретте тиісті министрлікпен жұмыс жасауға дайынбыз. Бұл өте күрделі мәселе болғандықтан «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасына қостық. Кейін оны өз бағдарламамызға қосамыз, - деп қысқа жауап берді Алмасбек Садырбаев.
Өзгелердің жаңалығы