Ауылда азып-тозған отбасы табу қиын – депутат

3 Қараша 2021, 17:04
1300
Бөлісу:
Ауылда азып-тозған отбасы табу қиын – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Рамазанова «Әйелдер кәсіпкерлігі: жаңа мүмкіндіктер мен проблемалар» брифингінде айтты.

Мен осы бағытты жете талдағам. Не себепті әйелдер шығып, наразылығын білдіреді? Бұл сұрақ біржақты емес, жан-жақты. Әйел азаматтар өз келіспеушілігін ірі қала мен облыс орталықтарында білдіріп жатады. Кез келген өңірді алайық. Ірі қалалардың маңында проблемалар да күрделі болады. Баспана, жұмыс, қаражат мәселесі және әлеуметтік проблемалар бар. Оның барлығы шеттен үлкен қалаға келіп үміт артқан азаматтар. Мен ауылдарды араладым, - деді Рамазанова.

Депутат 17 өңірдің барлығын аралағанда ауылды жерде азып-тозған отбасыны таппағанын айтты.

Себебі ауылда проблемасы бар отбасыға барлығы жұмылып көмектеседі. Өйткені ауылдағы ағайынның барлығы бір-біріне дос, ағайын болады. Ал үлкен қалаға өз өңірінен келгендерде барлық қиындық басталады. Себебі көмектесетін, ақыл айтатын ағалары да, апалары да болмайды, - деді депутат.


Өзгелердің жаңалығы