Ауыл тұрғынынан 125 келіден астам марихуана тәркіленді

21 Тамыз 2019, 15:12
2014
Бөлісу:
Ауыл тұрғынынан 125 келіден астам марихуана тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданында Жаңа жол ауылының 25 жастағы тұрғынын ұстады.


Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан өзіне тән ерекше иісі бар, өсімдік тектес заты бар төрт қап табылып тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, бұл жалпы салмағы 125 келі 800 грамм «кептірілмеген марихуана» есірткі заты болып табылады.

Күдікті кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

 


Өзгелердің жаңалығы