Өңірлерде тәртіп жоқ - Божко ауыл шаруашылығындағы проблемаларды атады

18 Сәуір 2019, 13:01
1756
Бөлісу:
Өңірлерде тәртіп жоқ - Божко ауыл шаруашылығындағы проблемаларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс үйінде «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр. 

«Біз қаржыландыру мәселесін талқылаған кезде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігін қатты сынға алды. Нығматулиннің айтуынша, олар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау ісінде облыстық әкімдіктердің қаржы бөлуін қадағаламайды. Себебі бізге өңірлерге шыққанда және күнделікті жұмыс барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен облыстарда тәртіптің жоқтығы туралы жиі шағым түседі. Естеріңізде болса, біз Ақмола, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарын айтқан болатынбыз. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін қаржыландыру және дотациялау тәртібі туралы қатаң Үкімет Қаулысының болғанына қарамастан бұл өңірлерде Үкімет Қаулысы орындалмайды. Ал бұл жақсы емес», - деді Владимир Божко.

Мәжіліс төрағасы орынбасарының айтуынша, Үкімет аппараты ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған бюджетті қалыптастыру жүйесін бақылау механизмдерінен айрылған.

«Бірінші проблема – ең өкініштісі, біздің банктер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелеу нарығынан кетіп жатыр. Екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығын қаржыландыруды 8%-ға қысқартқан. Яғни, бұл банктер осы саладан кетті десе болады. Елімізде ауыл шаруашылығын қаржыландыру жеткіліксіз. Мысалы, Ресей ауыл шаруашылығын 10%, Беларусь 18% көлемінде қаржыландырады. Ал біз әлі 4,5% деңгейінде тұрмыз. Біз парламентте осы цифрларды бірнеше рет айтсақ та, барлығы сол күйінде қалып отыр», - деді Владимир Божко.
Өзгелердің жаңалығы