Қазақстан Тәжікстанға ауыл шаруашылығы техникаларын экспорттайды

11 Шілде 2019, 18:29
2139
Бөлісу:
Қазақстан Тәжікстанға ауыл шаруашылығы техникаларын экспорттайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Душанбеде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Тәжікстанға ресми сапары аясында «KazakhExport» ЭСК» АҚ қазақстандық экспорттаушылар мен тәжік импорттаушыларының ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар келісімге қол қойды.

«Агромашхолдинг» АҚ, «Тәжіксельхозлизинг» РМБК және «KazakhExport» ЭСК» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

«Тәжіксельхозлизинг» республикалық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны KazakhExport қолдауымен «Агромашхолдинг» АҚ-дан ESSIL маркалы қазақстандық құрастырмадағы комбайндар мен басқа да ауыл шаруашылығы техникасын сатып алады. 

«Тәжіксельхозлизинг» Тәжікстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарына ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерді лизингке жеткізуге, сондай-ақ клиенттерге сервистік және техникалық қызмет көрсетуге маманданған.

Еуразиялық Даму Банкі, «Рохи Охани Точикистон» МБК және  «KazakhExport» ЭСК» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

Еуразиялық Даму Банкі мен «Рохи Охани Точикистон» мемлекеттік біртұтас кәсіпорны KazakhExport сақтандыру қолдауымен $35млн сомаға теміржол машина жасау өнімдерін сатып алу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы келісімге келді.

Тәжік тарапы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ маневрлік және магистральды локомотивтерді, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС шығаратын жүк вагондары мен жартылай вагондарды, сондай-ақ «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС шығаратын темір жол рельстерін сатып алуға қызығушылық білдірді.

«Дусти 2017» ЖШҚ мен «KazakhExport» ЭСК» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

«Дусти 2017» жауапкершілігі шектеулі қоғамы және KazakhExport Рогунс ГЭС құрылысына арналған  $16 млн-ға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шығарған 30 мың тонна арматураны жеткізуге бағытталған келісімге қол қойды.

2018 жылы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Тәжікстанға сапары аясында республикаға арматура жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Кейінірек, KazakhExport сақтандыру қолдауымен қазақстандық тарап $9,7 млн-ға арматура экспорттады. Жасалған келісімшарт шеңберінде 10,5 мың тонна жеткізу күтілуде. 

Тәжікстанға экспорт

Мамыр айында «KazakhExport» ЭСК» АҚ Душанбеде шетелдік өкілдігін ашты, оның міндеті бизнес-қауымдастықпен байланыс орнату, кәсіпкерлер мен қаржы құрылымдарын KazakhExport қолдау құралдары туралы ақпараттандыру болып табылады.

Бүгінгі күні KazakhExport «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Hyundai Trans Auto» ЖШС, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «Рахат» АҚ, «Баянсулу» АҚ, «Алматы продукт» ЖШС сияқты қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсетті. Тәжікстан нарығына металл ширатпасы, автомобильдер мен автобустар, май өнімдері, кондитерлік өнімдер жеткізіледі.

Мысалы, KazakhExport қаржылық-сақтандыру қолдауымен «СарыарқаАвтоПром» ЖШС Душанбе муниципалдық таксопаркін толықтыру үшін «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ-тың 1000 қазақстандық автокөлігін жеткізу бойынша $10,5 млн-ға келісімшарт жасайды Қазіргі уақытта Тәжікстанға 158 автокөлік экспортталды. «Hyundai Trans Auto» ЖШС «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ-на жалпы сомасы $18,7 млн-ға 300 автобус жеткізу бойынша келісімшартты орындайды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында $845,9 млн. құрады. Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 13,8%-ға өсіп, $522 млн құрады.

Бұған дейін 11-12 шілдеде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ресми сапармен Тәжікстан Республикасына (Душанбе қаласы) және Қырғыз Республикасына (Бішкек қаласы) баратынын хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы