Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға квота енгізілді

3 Сәуір 2020, 15:01
2094
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға квота енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссиясын "ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына" тыйым салынғаны және шектеу енгізілгені туралы хабардар етті.

"Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" ҚР президентiнің 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы қаулысымен бекітілген халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды алып келу және алып кету тәртібіне сәйкес Қазақстан келесі тауарларды алып кетуге тыйым салуды жоспарлап отыр:

- қарақұмық (коды СЭҚ ТН 1008 1000 09);

- ақ қант (СЭҚ ТН коды 1701 99);

- картоп (0701);

- балғын немесе салқындатылған пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және өзге де баданалық көкөністер (0703);

- күнбағыс, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған тұқымдары (1206);

- күнбағыс майы (1512 11 910);

- қарақұмық жармасы (1103 1990 09), - деп атап өтілген ҚР АШМ-нің Еуразиялық экономикалық комиссиясына жіберген өтінішінде.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан сәбізді, шалқан (репа), қызылшаны (СЭҚ ТН коды 0706), қауданды қырыққабат, түрлі-түсті қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және Brassica тектес осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер, жаңа піскен немесе салқындатылған (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 0704), бидай немесе қара бидай ұнын (СЭҚ ТН коды 1101 00), жұмсақ бидай мен меслин (ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 1001 99 000 0) алып кетуге шектеу енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде аталған шаралар мәжбүрлі және елде төтенше жағдайды енгізумен байланысты екенін атап өтті.

Бұған дейін ҚР АШМ ресми интернет-ресурсында ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға квоталар көлемі туралы және экспорт үшін квоталар алуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлама жарияланған болатын.

Соған сәйкес, 2020 жылдың сәуір айына квота көлемі:

- бидай – 200 000 (екі жүз мың) тонна;

- ұн – 70 000 (жетпіс мың) тонна құрайды.

2020 жылдың сәуіріне Қазақстан Республикасының ішкі нарығына кепілдендірілген жеткізілімдердің көлемі экспорт көлемінің 30%-ын құрайды:

- бидай – 60 000 (алпыс мың) тонна;

- ұн – 21 000 (жиырма бір мың) тонна.

2020 жылғы сәуірде ішкі нарыққа өткізу үшін тіркелген баға:

- бидайға EXW, ИНКОТЕРМС 2020, желілік лицензияланған элеватордың жеткізу шартымен:

1) 3 сыныпты жұмсақ азық-түлік бидайына ҚҚС-пен 88 000 (сексен сегіз мың) теңге;

2) 4 сыныпты жұмсақ азық-түлік бидайына ҚҚС-мен 84 000 (сексен төрт мың) теңге.

- ұнға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында сату кезінде 120 000 (бір жүз жиырма мың) теңге, басқа облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда 130 000 (бір жүз отыз мың) теңгені құрайды.

Өтінімдер хабарландыру жарияланған сәттен бастап 2020 жылғы 3 сәуір сағат 18.00-ге дейін PDF форматында уәкілетті ұйымдардың электрондық пошта мекенжайларына қабылданады.

Өтінімдер қабылдануы:

- бидай бойынша – «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ арқылы электрондық мекенжайға: export@grainunion.kz

"Қазақстанның астық одағы" ЗТБ басшысы Оспанов Нұрлан Елеусізұлы, Тел. +7 777 618 4618.

- ұн бойынша – "Қазақстанның астық өңдеушілер одағы" ЗТБ арқылы электрондық мекенжайға: info@kaznan.kz

"Қазақстанның астық өңдеушілер одағы" ЗТБ басшысы Ган Евгений Альбертович, тел. +7 701 511 9005.

жетекші маман – Жестовская Александра Александровна, тел. +7 701 514 5875.

Белгіленген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қаралмайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің жоғарыда аталған бұйрығымен қаралған жағдайда өтінімдерді қайта қабылдау қарастырылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) есептеу және бөлу қағидалары, және құжаттардың нысандары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы