Ауыл шаруашылығын сақтандыру жүйесі қайта қаралуда – Азамат Хамиев

26 Ақпан 2019, 13:45
2439
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығын сақтандыру жүйесі қайта қаралуда – Азамат Хамиев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Ауыл шаруашылығын сақтандыру бойынша мәселе көп. Өйткені қазір талап етіліп отырған қатерлер деңгейін қамтамасыз ету жағы жетіспейді.


Сондықтан Мәжіліс депутаттарымен қажетті Заң шығару бастамасы талқылануда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары Азамат Хамиев табиғи апаттарға арналған форум кезінде айтты. 

Оның айтуынша бүгінгі форумның маңыздылығы жоғары әрі дер кезінде өткізіліп отыр. Өйткені ауыл шаруашылығын сақтандыру бойынша проблема жетерлік.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінде агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша үлкен реформалар жүргізілуде. Соның аясында біз агросақтандыру жүйесін өзгертіп жатырмыз, яғни қордаланып қалған мәселелерді шешудеміз. Ауыл шаруашылығын сақтандыру бойынша проблема көп. Өйткені қазір талап етіліп отырған қатерлер деңгейін қамтамасыз ету жағы жетіспейді. Сондықтан Мәжіліс депутаттарымен қажетті Заң шығару бастамасы талқылануда. Егер ол қабылданса бұл ерікті сақтандыру болмақ, яғни ауыл шаруашылығымен айналысатындар алда болатын қатерден өз өнімін сақтандыра алады»,- дейді ол. 

Сондай-ақ ол жерді ғарыштан зондтау жұмыстары жүргізілетінін айтты. Бұл сақтандырудың объективтілігін білдіреді және сақтандыру төлемін жасауды жылдамдатуда көмегін тигізбек. 

«Бұл саланы сақтандыру бұрын ешкімге қызық болмады, тек екі-үш компания ғана жұмыс істеді. Қазір компаниялармен байланыс орнатып, соы жағын дамыту үстіндеміз»,- дейді А. Хамиев

Еске салсақ, Алматыда Орта Азиядағы табиғи апаттар мен қаржылық қорғаныс механизмдеріне арналған аймақтық форум өтіп жатыр.
Әділет Мұсахаев
Өзгелердің жаңалығы