Ауыл шаруашылығы министрлігі ескертеді!

5 Сәуір 2020, 18:33
1890
Бөлісу:
Ауыл шаруашылығы министрлігі ескертеді!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдайға байланысты кәсіпкерлерге Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қашықтықтан жұмыс режиміне көшкенін хабарлайды.

Қалыптасқан жағдайға - төтенше жағдайға, күшейтілген карантиндік режимге байланысты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді. Барлық сұрақтарды вотсап-қа +7-747-862-28-79 жіберулеріңізді сұраймыз. Сіз ЕАСУ порталына ресми түрде берген өтінімдердің, ветеринарлық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша АШМ және КВКН-ға өтініштердің хаттарының қаралуын жеделдету үшін, Экспорт/импорт мәселелері бойынша консультация алу үшін осы нөмірге смс немесе құжаттардың көшірмелерін жібере аласыз. Жедел түрде жұмыс тобы ВБҚК қарайды және Сізге жауап жібереді - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы