Бас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды
18 Наурыз 2019, 17:16 428

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымына Бірінші вице-министр Сапаров Айдарбек Сейпелұлын таныстырды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Сапаров Айдарбек Сейпелұлы ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Сапаров Айдарбек Сейпелұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы совхоздың бухгалтері болып бастаған.

1992-1995 жж. – зоотехник-орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры;

1995-2003 жж. – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры;

2003-2005 жж. – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары;

2005-2006 жж. – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары;

2006 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы;

2006-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданының әкімі;

2008-2010 жж. –Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі;

2010-2011 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары;   

2011 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

Сізден жаңалық