Бас жаңалықтар
Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 0,2% төмендеді – министр
12 Қараша 2019, 12:20 596

Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 0,2% төмендеді – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың он айында ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 0,2% төмендеп, 4,5 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров бүгінгі Үкімет отырысында айтты.

Оның айтуынша, өндіріс көлемінің төмендеуі өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,2% азаюына байланысты болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өсімдік шаруашылығында дәнді-дақылдардың жалпы түсімі 13,5% төмендеген. Ал мал шаруашылығында жалпы өнім шығарылымы 3,9% артқан. Оның ішінде ет - 5,5%, сүт – 3,2% өскен. 


Мал шаруашылығы өнімдерінің өсуі мал шаруашылығындағы бағдарламалардың сәтті іске асырылуына байланысты болды. Осы жылдың он айында 78,9 мың бас ірі  қара мал сатып алуға 806 шаруашылыққа кредит берілді. Өткен жылдың осындай кезеңінде 39,1 мың бас сатып алуға 412 шаруашылыққа кредит берілген болатын. 934 шаруашылыққа 337,4 бас көлемінде ұсақ аналық мал басын сатып алуға кредит берілді. Бұл 2018 жылдың он айымен салыстырғанда 23,9 мың басқа және 624 шаруашылыққа көп, - дейді министр.

Сонымен қатар, ол "Ырыс" бағдарламасы бойынша жыл басынан бері жалпы саны 1600 басқа арналған үш өнеркәсіптік тауарлық сүт  кешені және 712 басқа арналған 8 отбасылық тауарлық сүт фермасы іске қосылғанын айтты. 

Биыл 15 мың басқа арналған 3 бордақылау алаңы пайдалануға берілді.  2 бордақылау алаңында мал орны 35 мың басқа дейін ұлғайтылды. Осы кезеңде тамақ өнімдерін өндіру - 2,1%, сусын өндіру -13,9% өсті, - деді ол. 

Жыл басынан бері бұл салаға 379,4 млрд теңге инвестиция тартылыпты, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 37% көп. Өсім "ҚазАгро" холдингінің кредиттік өнімдерін іске асыру арқылы қамтамасыз етілген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...